«Алтын бесік» бөбекжайында педагогтармен «Жақсы көңіл – күй – Жетістіктің белгісі» атты психологиялық тренинг өтілді.Тренинг мақсаты: педагогтарды ұйымшылдыққа, инновациялық әдіс – тәсілдерді тәжірибелеріне енгізе отырып, логикалық ойлау қабілеттерін, шығармашылық ізденісін, ой қиялын арттыру, сонымен қатар педагогтардың эмоциялық көңіл – күйлерін көтеру, топтасып ұжыммен жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту.
Тренинг барысы «Сәлем, досым!» жаттығуынан басталды. Қатысушылар бір – бірімен өлең жолдары арқылы амандасып, бір – біріне сәттілік тіледі. Әрі қарай «Арқаға сурет салу», «Созыламыз сынамыз» жаттығуларын жасап, «Хайуанаттар» ойынын ойнады. Педагогтардың өзіне қаншалықты сенімді екенін байқау мақсатында «Өзіме қаншалықты сенімдімін» атты тест жүргізілді. Тренинг соңында «Өз жұлдызыңды тап» реалаксациясы жүргізіліп, қатысушылардың көңіл – күйлері көтеріліп, шаршағандары басылып, әр қайсысы өз жұлдыздарына ие болып, өздерінің ой – пікірлерімен бөлісіп, бір – біріне шығармашылық табыс тіледі.
Педагог-психолог: Раисова А.Ш.