«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Сиқырлы баулар» ойыны

19.11.2021

«Сиқырлы баулар»  ойыны

Мектеп жасына дейінгі балалармен ойын ойнау хәне қарапайым жаттығулар жасау баланың толық өсіп жетілуіне көмектеседі.  Қазіргі таңда біздің бөбекжайда баланың ойлау қабілетінің өсіп дамуына қосымша көмек беретін көптеген  әдістемелермен жабдықталған.  Соның ішінде ең тиімді әдістемелердің бір түрі «Сиқырлы баулар» әдістемесі.

  Бұл әдістеменің бағыты – саусақтың ұсақ маторикасын дамытады, мидың  дамуына әсер етіп, сөйлеу қабілетін жақсартады.

Сонымен қатар баланы тыныштандырады және сәндік қолданбалы өнер, көрнекі қабылдауды, зейіннің тұрақтылығын жақсартады. Шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді.  Балалармен  ойын ойнау барысында  көздің қозғалыс координациясын қалыптастырып, кеңістікті бағдарлау, яғни «Жоғары», «Төмен», «Оңға», «Солға» деген ұғымдарды есте сақтауға көмек беру.

  Мектеп жасына дейінгі  ересек тобының  балалар бұл ойынды өте қызығып ойнайды. Оларға түрлі – түсті баулармен өз қиялдары бойынша сурет салған өте ұнайды және өз өнерлерінен ләззат алады.

Раисова А.Ш. педагог- психолог

Просмотров: 115


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст