Текст
Құрастыру - бұл қызықты іс- әрекет, ол баланың сезімдік және интеллектуалды дамуымен тығыз байланысты. Құрастыру процессінде балалар ересек адамның көмегімен, содан кейін өз бетінше, әр жасқа арналған бағдарламада балалар өте қызықты және ойын түрінде білім мен дағдылар алады. Мектепалды даярлық «Болашақ» тобының тәрбиеленушілері түрлі құрылыс материалдарын пайдалана отырып, болашақтың әсем қаласын құрастырды. Құрылыс барысында болашақта көшеде жүретін роботтарды құрастырды.Қала көшелерін гүлдермен, әсем ғимараттармен безендірді. Жасалған құрылыстарынан көп әсер мен жақсы көңіл күй алды.
Тәрбиеші: Кеслер О.Л.