Текст
«Фребель сыйы» технологиясы балалардың интеллектуалдық, танымдық, ойын қарым-қатынас дағдыларын дамытудың тиімді технологиясы болып табылады. Мектепалды даярлық «Зерек бала» тобында «Фребель сыйы» дидактикалық материалы сабақта және еркін қызметте тұрақты түрде қолданылады. Бүгін балалар «Терезенің сыртында не бар?» ойынын ойнады, үлкен қызығушылықпен және ықыласпен композициялар жасап, қажетті материалды өз бетінше таңдай отыра, сюжеттер құрады. Өз жұмыстары туралы айта отырып, шағын әңгіме құрастырды. «Фребель сыйы» дидактикалық материалымен жұмыс істеу барысында, балалардың танымдық және зерттеушілік қабілеттері, коммуникативті дағдылары, логикалық ойлау қабілеттері дамиды.
Тәрбиеші: Яльницкая Г.В.