Шығармашыл тұлғаны қалыптастыру қазіргі кездегі педагогикалық теория мен практиканың маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Оның шешімі мектепке дейінгі жастан басталады. Дәстүрлі емес бейнелеу әдістерін қолданып сурет салу балалардың шаршауына жол бермей, керісінше олардың осындай қызықты іспен айналысуына құштарлығын арттырады.Балалар жұмыстарын қызығушылықпен орындайды.Мектепалды даярлық «Болашақ» тобының балалары «Көңілді алақандар» республикалық шығармашылық онлайн сурет байқауына қуана қатысып, сурет салудың дәстүрлі емес әдістерінің бірі – қолмен сурет салу арқылы жасалған суреттер жіберілді. Жұмыстар креативті және қызықты болып шықты.
Тәрбиеленушілер 1,2,3 дәрежелі дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.
Тәрбиеші: Кеслер О.Л.