Текст
Алтын күз бірде шуақ,бірде салқын,
Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын.
Ағашта жапырақтар салдырлайды,
Төгілген алтын теңге сансыз жалқын.
Бөбекжайдағы күзгі мереке-бұл ең сүйікті іс-шаралардың бірі, өйткені салтанатты ертеңгіліктер кезінде балалар көңілді болып, басқаларға қарап, өздерін көрсете алады. 19-22 қазан аралығында біздің бөбекжайда барлық жас топтарында күзгі мерекелер өтті.Сұлу күз ,әр топтарға кіріп ешкімді назардан тыс қалдырмады, ал балалар оны әндермен, билермен, ертегілермен, ойындармен, әзілдермен қымбатты қонақ ретінде қарсы алды.
Тосынсыйлар барлығына ұзақ уақытқа жақсы әсер қалдырды. Ертегі кейіпкерлері ойындарымен және көңілді әзілдерімен қуантты. Күзгі ертеңгіліктер жарқын, көңілді, қызықты болды.