«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жаңашыл педагог бейнесі»

22.10.2021

 «Алтын бесік» бөбекжай педагогтарымен  «Жаңашыл педагог бейнесі»  тақырыбында тренинг өткізілді.

Мақсаты: Тренингке қатысушылардың коммуникативті және креативтік мүмкіндіктерін дамыту, шығармашылық қияалдарының дамуына ойлау қабілеттерінің батылдық , икемдік қасиеттерінің дамуына ықпал ету

Тренинг сәлемдесуден басталды және педагогтар тренинг барысында жұмыс ережесін қабылдады.

 «Педагог  бейнесі» тақырыбында  педагогтарға қысқаша кеңестер берілді.

Тәрбиеші өз талабына ұқыпты болуы қажет. Бала тек адамның жеке басының тікелей тигізетін әсері арқылы ғана тәрбиеленеді. Балабақша тәрбиешісі жас ұрпақты жан-жақты дамытып тәрбие беру, оны өмірге еңбекке даярлауда педогогикалық білімді көпшілік арасына насихаттау сияқты әрі жауапты , әрі қадірлі қоғамдық міндеттер атқарады.

Тәрбиеші жас ұрпақтың бойына тәрбиенің алғашқы негіздерін қалыптасытра алатын, адамгершілігі жоғары, мәдениетті, ғылым жетістіктерін дұрыс бағалай алатын әдебиет пен өнердің, техниканың даму жайын жақсы білетін, оның түсіндіре алатын адам болуы керек. Тәрбиешінің мәдениеттілігінің көрсеткіші- әдептілі, қоғамдық орындарда өзін сыпайы, еркін ортаға лайықты ұстай білуі, өнегелі тәртіпті, сүйкімділігі, адамдармен өзара сыйластықтаадал болу керек. Ондай тәрбиешіні балалар жақсы көреді, сыйлайды, құрметтейді, оған жақын жүргісі келеді, оның балалар арасында беделі зор болады. Тәрбиешінің жеке басының үлгісі- жас ұрпақ тәрбиесінде ең әсерлі әдістердің бірі, өйткені балалар тәрбиешіге барлық жағынан еліктейді. Сол себеппен де ол үнемі жинақты, таза, ұқыпты жүріп, сөйлеген сөзі мәнді, ойлы әдемі, салмақты келіп, асықпай, байыппен сөйлеуі керек.

Әрі қарай педагогтармен «Тілек айту» жаттығуы, «Педагог бейнесі» жаттығуы жүргізілді.

Шарты: Қатысушылар«Үлгілі педагог» қандай болу керек екенін қағазға суреттеп бейнелеп, өз ойларымен бөлісті.

Тренинг соңында педагогтар «Ақ және қара айна» ойынын ойнады. Ойында педагогтар ақ айнағақарап өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін, армандарын, тілектерін айтып, қара айнаға өзінің бойындағы жағымсыз қасиеттері туралы айтты.Бір - бірлеріне, ыстық тілектерін және бүгінгі тренинг туралы ойларын, қандай көңіл - күйде болғандарын, тренингтен алған әсерлерімен бөлісті.
Қатысушылар бір - бірлеріне тілеген тілектері орындалсын деп қошемет көрсетіп (қол соғып) тренингті аяқтады.

Педагог-психолог: Раисова А.Ш.

Просмотров: 161


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст