Бейнелеу өнері баланың жеке басының дамуында үлкен рөл атқарады, өйткені бала үшін бұл білім мен шығармашылықтың қуанышы.
Аптаның өтпелі тақырыбына сәйкес, мектепалды даярлық «Зерек бала» тобында «Мен ұшқыштыққа барар едім» тақырыбында жапсыру бойынша оқу-қызметі өтті. Әр түрлі қызмет түрлерін пайдалана отырып, қызықты, түрде оқу-қызметі ұйымдастырылды.Танымдық іс-әрекетте балалар әуе көлігінің түрлері мен мамандықтарды бекітті. Қозғалыс іс-әрекетінде «Ұшу» саусақ ойынын, «Ұшақтар» сергіту сәтін орындады. Көркем сөз жұмбақты шешіп, Е.Лагздыннің «Ағасымен бірге ұшаққа отырды» өлеңін тыңдады. Өнімді іс-әрекетінде кесу техникасын қолдана отырып бұлтты , ұшақтарды жабыстырды. Сабақ барысында музыкалық сүйемелдеу болды.Көрнекі құралдар балалардың ойлау қызметіне, шығармашылығына жақсы әсер етті. Оқу-қызмет психологиялық жайлылықты сақтай отырып, динамикалық түрде өтті.
Тәрбиеші: Яльницкая Г.В.