Күз мезгілінің қызу кезеңінде мектепалды «Болашақ» тобының тәрбиеленушілері «Алтын күз-2021» тақырыбында суреттер мен қол өнер бұйымдарының республикалық байқауына қатысты.
«Өз қолөнерлерін жасай отыра, балалар ойлаушылар ғана емес, олар табиғаттың дайындаған сыйлықтарын қолдана отырып, жасаушыларға айналады».Табиғи материалмен жұмыс жасау, баланы туған табиғатымен жақындастырудың, оған ұқыпты, қамқор қарым-қатынасты тәрбиелеудің мүмкіндіктерін қамтиды, табиғи материалмен жұмыс баланың ақыл-ойының,ойлауының дамуына, алғашқы еңбек дағдыларын қалыптастыруға үлкен әсер етеді. Қолөнер бұйымдарын жасау оңай емес екені белгілі болды: оны жасау белгілі бір еңбек күшін ,сонымен қатар үлкен күш-жігерді де қажет етеді,бірақ көмекке ата-аналар келді. Отбасы мен баланың бірлескен іс-әрекеттері балалар идеясын шындыққа айналдыру құндылықтарын бірнеше есе арттырады. Байқауға қатысушылар 1 және 2 дәрежелі дипломдармен марапатталды!
Барлығына алғыс айтамыз!
Тәрбиеші: Кеслер О.Л.