Логопедтік «Еркемай» тобының балаларымен «Мен қандаймын?» тақырыбында түзету- дамыту оқу қызметі өтілді.
Мақсаты: балалардың өзін – өзі бағалау қабілетінің пайда болуы және оны дамыту. Эмоциялық қалыптарды түс арқылы бейнелеу.
Өтілу барысында психосезімдік ахуалдарын жақсарту, баланың өз сезім әрекетін түсініп, әсерлене білуі үщін «Күн шуағы» ойынынан басталды.
Балалар шеңбер құрып, бір – біріне жымиады. Алақандарымен күн шуағының жолдарын сипап көреді. Күн шуағы балаларды жылытып, аймалайды, балалар күліп қарап, мейрімді шуағын жүрегіне түйеді.
Әрі қарай «Мен қандаймын?» ойының ойнап , «Ракета», «Серіппелер» жаттығуын жасап балалардың көңіл – күйлері көтерілді,ойында алған әсерлерімен бір-бірімен бөлісті.
Педагог-психолог: Раисова А.Ш