Текст
Балалық шақ – баланың сенсорлық дамуының қарқынды кезеңі болып табылады.Бұл кезде баланың заттар мен құбылыстардың сыртқы қасиеттері мен байланыстарын,кеңістік пенуақытты бағдарлауы жетіледі.Заттармен іс-әрекетте бала оның түсін түрін,қасиеттерін біле бастайды. Сенсорлық тәрбиені ойын арқылы дамыту өте қолайлы.Өйткені ойын – тәрбие құралы.Ол балалардың дүние танымын дамытудағы ең тиімді амалдардың бірі.Ойын арқылы балалар айналасындағы нәрселердің атын,болмысын ғана танып қоймайды, түр түсін, не үшін керектігін білетін болады.Сонымен бірге, ойын арқылы іс-әрекетін іске асырады.Ойын кезінде ғана балалардың өзін қоршаған ортаға қатынасы дамып, танып біледі.
Тәрбиеші: Нуртазина А.Т.