Серуен - бұл балалар өміріндегі күн тәртібінің маңызды сәті. Серуеннің мақсаты - денсаулықты нығайту, шаршаудың алдын алу, балалардың физикалық және психикалық дамуы, белсенділік процессінде ағзаның функционалдық ресурстарын қалпына келтіру.
Мектепалды даярлық «Зерек бала» тобы балалары серуенде көптеген жаңа әсерлер мен білімдер алады: ересектердің жұмысы туралы, көлік туралы, жол қозғалысы ережелері туралы және т.б. түрлі құбылыстар туралы. Күзгі серуендер балалардың өсімдіктер, жануарлар, құстар, жәндіктер өміріндегі маусымдық өзгерістер туралы білімдерін байытуға көмектеседі. Жылы күндердің бірінде біздің балалармен серуендеуге шықтық.Аулада балалар ағаштарды бақылап, жапырақтардың сары, қызыл, тіпті қоңыр түстерге айналғанын байқады.Күз туралы өлеңдерді қайталап, күз айларын еске түсіріп, күздің белгілерін бекітті. Серуен соңында балалар күзгі жапырақтардан өте әдемі күзгі гүл шоқтарын жасады. Барлығы керемет серуенге риза болды.
Тәрбиеші: Юркина Л.В.