Текст
«Күз-жомарт» апталық тақырыбына сәйкес ересектер «Інжу" тобында «Табақтағы көкөністер» тақырыбына сурет салу оқу қызметі өтті.Балалар жемістер мен көкөністердің макеттерін қарап, жұмбақтар шешіп, «Гажайып қап» дидактикалық ойынын ойнады. Балалар көкөністердің ұқсастығын жеткізуге тырысып, дөңгелек және сопақ пішінді заттарды бейнеледі. Қағаз парағына заттарды біркелкі орналастырып , бояулармен бояу әдістерін бекітті. Жұмыстың соңында балаларға тақтайшаны өрнектермен безендіру ұсынылды. Балалар үлкен қуанышпен өз жұмыстарын орындады.
Тәрбиеші: Бейсембаева Л. В.