Балалар эксперименті ол өз бақылауларына, тұжырымдарына, белгіленген заңдарға негізделуі керек. Балалар «туындаған проблемаларды»шешуге, оларды шешу жолдарын табуға үйренеді. Балалар ,тәжірибе жасап, ересек адам ретінде қорытынды жасағанды ұнатады. Эксперимент барысында балаларда есте сақтау қабілеттері байып, ойлау процестері белсенді болып, тіл байлықтары дамиды.
Ересек «Інжу» тобының балалары ауаның қасиеттерімен танысты. «Шыныаяқтағы көпіршіктер», «Пакетте не бар?» Су мен түтікті пайдаланып, балалар адам ағзасында ауа бар екенін анықтады. Тыныс алу процессі қалай жүретінін, мұрын арқылы дем алып, аузымызбен дем шығаратынымызды және ауа қаншалықты көп болса, соғұрлым дем шығаратынымызды көрді. Түтік арқылы жеңіл ауа суға түсетінін, көпіршіктер түрінде бетіне шығады және жарылып кетеді. Сондай-ақ, әдеттегі пластикалық пакеттің көмегімен балалар ауаны ұстады. Эксперимент нәтижесінде балалар ауаның түсі, иісі, дәмі жоқ екенін, оның жеңіл және мөлдір екенін білді. Біздің планетамыздағы барлық тірі ағзаларға ауа қажет екенін анықтады.Көптеген жаңа, қызықты және пайдалы нәрселерді білді. Ақпарат берік және ұзақ уақыт бойына бала естіген, көрген және өзі жасаған кезде сіңірілетіні белгілі.