«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тәлімгер – маман »

27.09.2021

"Педагогикадағы шығармашылық тұлға-бұл тек парызды атқару ғана емес, ол бойыңа жоғарыдан дарыған кәсіби шеберлік". Дәл осындай тұлғаның бірі- біздің Ирина Александровна Тяглая, бізбен тәжірибесін аянбай бөлісіп, бірге жұмыс істеу - біз үшін тағдырдың үлкен сыйы деп білеміз.

Оқу бітірген кезде Ирина Александровна өзінің қандай мамандық таңдайтынын анық білген. Бала кезінен Ирина Александровна мұғалім болуды армандады. Студент кезінде ол кіші сыныптарда тәлімгер болды.

№1 орта мектепті бітіргеннен кейін Челябинск қаласындағы педагогикалық училищеге оқуға түсті. 1981 жылы училищені бітіріп, Атбасар станциясының №34 "Дружба" балабақшасына тәрбиеші болып жұмысқа орналасты. Тәрбиеші болып жұмыс істей отырып, Ирина Александровна мемлекеттік педагогикалық институтта сырттай оқыды. І. Жансүгіров атындағы Талдықорған қаласындағы мектепке дейінгі педагогика және психология факультетінде педагогика және психология оқытушысы, мектепке дейінгі тәрбие бойынша әдіскер мамандығы бойынша білім алған. Институтты бітіргеннен кейін Атбасар қалалық білім бөлімінде мектепке дейінгі тәрбие бойынша әдіскер болып жұмыс істеді, ал 1988 жылы №34 балабақшаға балабақша әдіскері лауазымына қайтып оралды. Педагогтарға білгенімен бөліскен жан дүниесіне рахат сыйлады. Балабақша тәрбиешілеріне арналған әрбір педагогикалық кеңес, семинар педагогикалық тәжірибені нығайта білді.

2002 жылы №1 орта мектепке педагог-психолог болып жұмысқа ауысты. 2014 жылы №5 "Алтын бесік" балабақшасы ашылға сәттен бастап педагог-психолог жұмысын үйлестіре отырып, әдіскер болып жұмыс істеді.

Әдіскердің міндеті-педагогтердің шығармашылыққа деген қайнар көзін ашуға көмектесе білді. Өз таланттарын, шығармашылығын, шеберлігін көрсету мүмкіндігін шыңдады.

Ирина Александровна- тәлімгер, кәсіби шебер, оның қолдауы әр тәрбиешінің жұмысы үшін өте маңызды. Әріптестері үшін таптырмас ізашар, артынан ергендер ізбасарлары кәсіби мамандарға айналды. Ол бастамашылдығымен және іске деген ерекше шығармашылық көзқарасымен ерекшеленеді: идеяларды қалыптастыруды, мақсатты жұмыс істеуді, әр тәрбиешінің мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескере білді.

Ол сауатты да, жауапты әдіскер ретінде білім беру процесін жүзеге асыру мен іске асыруды ескере отырып, балабақша педагогтарының жұмысын шебер атқаруға бағыттай білген тәлімгер - педагог.

Психолог болып жұмыс істей отырып, педагогтармен және ата-аналармен тренингтер өткізіп, агрессивті мінез-құлық танытқан мектеп жасына дейінгі балалармен " Достасамыз бәріміз-бірге өмір сүреміз " атты рецензияланған, авторлық түзету-дамыту бағдарламасын әзірледі.

Тяглая И.А. - өз ісінің хас шебері, түрлі облыстық, республикалық , халықаралық конкурстарға, семинарларға, конференцияларға, вебинарларға белсенді қатысып, өз тәжірибесімен әріптестеріне үнемі бөлісіп отырады.

Қазақстан мен Ресей педагогтері қауымдастығының Халықаралық слетінде "Педагогикалық тәжірибенің үздік таныстырылымы" номинациясы бойынша үшінші дәрежелі дипломмен марапатталды.

Балабақшада жұмыс істеген жылдары педагогтар аудандық, облыстық, республикалық конкурстарға белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Бұл, әрине, әдіскер Ирина Александровнаның еңбегі.

Аудандық білім бөлімінің грамоталарымен, Ақмола облысы білім басқармасының алғыс хаттарымен және Құрмет грамотасымен марапатталған.

Біздің құрметті Ирина Александровна, біз сізге өте ризамыз! Рахмет, Сіздің ақкөңілділігіңіз бен кішпейілділігіңіз үшін, шың ықыласыңыз бен қолдауыңыз үшін, адал еңбегіңіз бен шыдамдылығыңыз үшін! Біздің идеяларымызға сеніп, біздің бойымызға дарытқан асыл біліміңіз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз! Бізге және балаларға берген қымбат уақытыңыз үшін үлкен рахмет.

Құрметпен және махаббатпен "Алтын бесік " бөбекжайы" МКҚК педагогикалық ұжымы

Просмотров: 103


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст