Ұйымдар тізімі
23.09.2021
23 қыркүйекте ZOOM платформасы бойынша «Жалпы білім беретін білім беру ұйымдары жағдайында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардың білім беру бағытын айқындау» тақырыбында облыстық семинар өтті. «Алтын бесік» бөбекжайының логопед-дефектологы Смағұлова Жанагүл Жанайдарқызы «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған жеке түзету-дамыту бағдарламаларын жобалау» тақырыбында сөз сөйледі, онда жеке бағдарламаларды жобалаудың негізгі принциптері ашылды.Семинарға қатысушыларды сөйлеудің жалпы дамымауы І,ІІ,ІІІ деңгейдегі жеке түзету-дамыту бағдарламаларымен таныстырды. Жеке білім беру қажеттілігі бар балаларымен барлық мамандардың жұмысының басты мақсаты-білім алушыларға бағдарламасын өз мүмкіндіктеріне сәйкес меңгеруге көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасау.
