Текст
Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Ойын барысында балалардың айналадағы дүние дайында мағлұматтары кеңейіп таным белсенділігі артып, игерген білім машықтарының негізінде бір сюжетке орай басты кейіпкерлерге еліктеуі, ойын ойнауға өзіндік серік тауып алуы, онымен шынайы қарым-қатынас орната отырып, таңдап алған рөлдеріне деген жауапкершілігі арта түсіп, қиялындағы мүмкіндіктерін байқап көруге жағдай жасайды. Балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысының жалпы жүйесінде сюжеттік-рөлдік ойындар маңызды орын алады. Өз ойындарында балалар отбасының тұрмысын, елдің жағдайын, адамдардың жұмысын, жалпы күнделікті өмірде көретін және еститін құбылыстарды бейнелейді.
Тәрбиешісі: Тенбаева Д.А.