Дәстүрлі емес сурет салу әдістері қағазға визуалды бейнені қарапайым қозғалыстармен және тез жасауға мүмкіндік береді, бұл балаға жағымды эмоциялар мен нәтижеге және шығармашылық белсенділікке қанағат әкеледі. Ересектер «Інжу» тобында сурет салудың дәстүрлі емес әдістерді қолдана отырып, «Жаңбыр» тақырыбында сурет салу оқу-қызметі өтті:саусақтармен , мыжылған қағазбен сурет салу.Балалар мыжылған қағазды көк бояуға батырып ,қағазға бастырды, олардан бұлт пайда болды. Жаңбырды бейнелеу үшін балалар саусақтарын бояуға батырып, тамшылар жасады. Жаңбырдан кейін көлшіктер пайда болатынын талқылағаннан кейін, балалар қылқаламның көмегімен көлшіктер салу арқылы сурет салуды аяқтады. Оқу-қызмет барысында балалар белсенді болып, бүкіл оқу-қызметі барысында қызығушылық танытты.
Тәрбиеші: Бейсембаева Л. В.