Баланың бөбекжайда баруы дегеніміз - оның бейтаныс жағдайға тап болуын білдіреді, бұл болса бұрын тұрақты байланыстардың кейбіреулерінің бұзылуы мен жаңаларының жылдам пайда болуын талап етеді. Мектепке дейінгі мекемеге бару балада психикалық стрестің дамуына ұшыратады. Стресті болдыратын басты жағдай бұл – анасынан айырлу және бейтаныс балалармен және бөтен ересек адамдармен жалғыз өзінің қалу қажеттілігі.
Сондай – ақ кіші жастағы балаларда құрдастармен қарым – қатынасқа деген мұқтаждық әлі қалыптаспаған, ал бірлесіп ойнау дағдылары әлі дамымаған. Нәтижесінде алғашқы күндері балада ауыр жағымсыз әсерлер болады .Сондықтан бала бөбекжайға тез бейімделуі үшін күнделікті балалармен ойындар ұйымдастырып отырған жөн.
Жаңадан келген балалардың балабақшада өткізетін сағаттар санын біртіндеп арттыру керек, бірінші аптада күніне 3 сағаттан артық болмауы керек. Бұл уақыт оның эмоционалдық жағдайына байланысты өсіп отырады. Баланы бөбекжайға барғанға дейін бөбекжаймен алдын – ала таныстыру керек. Күнделікті су рәсімдеріне үйрету керек. Таза ауада ұзақ уақыт бойы болу баланың жүйке – психикалық күйінің қалыптасуына жағдай жасайды. Бейімделу кезеңіндегі дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібі, тамақтану бұл бейімделудің қолайлы өтуіне көмектеседі. Егерде отбасы мектепке дейінгі мекемеде пайдаланатын тәрбиелеу тәсілдері нұстануға тырысатын болса, бала жеңіл және жылдам бейімделетін болады.
Педагог психолог: Раисова А.Ш.