Ортаңғы «Күн сәулелері» тобында «Қазақстанға саяхат» тақырыбында қызықты танымдық іс-шара өткізілді.

22.10.2026

Іс-шара барысында балалар түрлі ойындар арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен, ұлттық құндылықтарымен танысып, киіз үй мен домбыра туралы түсініктерін кеңейтті. Ойын түрінде ұйымдастырылған тапсырмалар балалардың туған еліне деген қызығушылығын арттырды.
«Адал азамат» құндылықтары мен «Заң мен тәртіп» қағидатын негізге ала отырып, балаларды Отанын сүюге, адалдыққа, жауапкершілікке және тәртіп сақтауға тәрбиелеуге баса назар аударылды.
Осындай тағылымды іс-шаралар жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарға құрмет пен туған жерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға ықпал етеді. 
Тәрбиешілер:Жанабекова К.Б,  Нуртазина А.Т.

Просмотров: 125


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст