«Мен – Қазақстанның болашағымын!»
22.10.2026
«Ақ бота» ересек тобында Республика күніне орай «Мен – Қазақстанның болашағымын!» атты интеллектуалды-танымдық ойын-квест өткізілді.
Іс-шара барысында тәрбиеленушілер Қазақстан Республикасы туралы білімдерін толықтырып, мемлекеттік рәміздермен, ұлттық құндылықтармен танысты. Танымдық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың ойлау қабілеттері, танымдық қызығушылықтары мен Отанға деген сүйіспеншілігі дамыды.
Мақсатымыз – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырып, туған елін құрметтеуге және ұлттық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу.
Тәрбиешілер:Нысанбай Л.А.,Жакубаева С.К