«Республика күні — ел мерейі!»

22.10.2026

Қазақстан Республикасының күніне арналған іс-шаралар жоспары аясында ересек «Әлди» тобында тақырыптық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара «Адал азамат» және «Заң мен тәртіп» қағидаттары аясында өткізілді.
Іс-шара барысында тәрбиеленушілер еліміздің мемлекеттік рәміздері, ұлттық құндылықтары және азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтырды. Балаларды отансүйгіштікке, адалдыққа, жауапкершілікке, заңды құрметтеуге және тәртіп сақтауға тәрбиелеуге ерекше назар аударылды.
Осындай тәрбиелік іс-шаралар балалардың бойында елжандылықты, азаматтық жауапкершілікті және туған елге деген құрметті қалыптастыруға ықпал етеді.

Просмотров: 29


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст