Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған іс-шаралар жоспары аясында мектепалды топтарының тәрбиеленушілері арасында мәнерлеп оқу байқауы өтті.
21.10.2026
Байқаудың басты мақсаты – балалардың мәнерлеп сөйлеу дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, поэзияға деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ балаларды дайындау барысында педагогтер мен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Байқауға Отанға арналған өлеңдерді мәнерлеп оқыған 17 жас өнерпаз қатысты. Әрбір қатысушы өз өнерін көрсетіп, туған жерге деген сүйіспеншілігін өлең жолдары арқылы жеткізуге тырысты.
Қатысушылардың өнерін педагогтер Сазанова Б.С. мен Калиненко Э.В., сондай-ақ ата-аналар қауымдастығының өкілі Эрнст О.А. құрамындағы қазылар алқасы бағалады. Бағалау барысында өлеңді жатқа айтуы, сөйлеу мәнері, анық әрі мәнерлі оқуы, эмоционалдылығы, әртістігі, өзіне деген сенімділігі және сыртқы бейнесінің байқау тақырыбына сәйкестігі ескерілді.
Іс-шара барысында көрермендер мен жанкүйерлер жас өнерпаздарға қолдау көрсетіп, мерекелік көңіл күй сыйлады. Байқауға қатысқан барлық бала дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Балалардың талантын дамытуға қолдау көрсеткен ата-аналар мен педагогтерге алғыс білдіреміз!