Мектепалды «Қарлығаш» тобында сауат ашу негіздері бойынша «А дыбысы туралы білімді бекіту» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет өткізілді.

16.10.2026

Іс-әрекет барысында балалар А дыбысы мен әрпі туралы алған білімдерін пысықтап, дыбыстың сөздегі орнын анықтауға, А дыбысынан басталатын сөздерді атауға және сөздерді буынға бөлуге жаттықты. Түрлі ойын тапсырмалары арқылы балалардың фонематикалық есту қабілеті, тілдік дағдылары, ойлау қабілеті мен сөздік қоры дамытылды.
Балалар тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, белсенділік танытты. Ойын арқылы білімдерін бекітіп, сауат ашуға деген қызығушылықтарын арттырды.
Осындай ұйымдастырылған іс-әрекеттер балалардың мектепке дейінгі даярлығын жетілдіруге, сауаттылық негіздерін қалыптастыруға және танымдық белсенділігін дамытуға ықпал етеді.
Шаймерденова С.К.

Просмотров: 131


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст