«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» — ТАЗА ҚАЗАҚСТАН!

14.10.2026

«Алтын бесік» бөбекжайында республикалық «Таза Қазақстан» бастамасы аясында экологиялық акция өткізілді.

Акция барысында бөбекжай қызметкерлері аумақты күзгі тазалау жұмыстарын жүргізді. Түскен жапырақтарды жинап, қураған гүлдер мен құрғақ шөптерді тазартты, өсімдік қалдықтарын жинап, гүлзарлар мен серуен алаңдарын ретке келтірді.

 Мұндай іс-шаралар бөбекжай аумағының тазалығы мен жайлылығын сақтауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеуге ықпал етеді.

 Тазалық әрқайсымыздан басталады!

Бірлесе отырып, қоршаған ортамызды таза, көрікті әрі жайлы етейік!

Просмотров: 148


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст