«Құм академиясы» орталығы
14.10.2026
Біздің бөбекжайда ортаңғы "Ақ бұлақ"тобының балалары қызықты «Құм академиясы» орталығына қатысты. Құммен жұмыс жасау – бұл тек қызықты ойын ғана емес, сонымен қатар балалардың жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін пайдалы әрекет.
Сабақ барысында балалар құмның қасиеттерін зерттеп, түрлі тапсырмалар орындады, сурет салып, өздерінің кішкентай құмнан жасалған туындыларын шығармашылықпен жасады. Құммен жұмыс жасау ұсақ қол моторикасын, қиялын, шығармашылық қабілетін, зейінін және қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамытуға ықпал етеді.
Балалар жағымды әсер алып, қызығушылық танытып, бірлескен іс-әрекетке белсенді қатысты.
«Құм академиясы» – ойнаймыз, үйренеміз және қуанамыз.
Тәрбиеші: Жетписпаева А. К.