Текст
«Күзгі орманның сыйлықтары»
08.10.2026
Ересек «Әлди» тобында «Күзгі орманның сыйлықтары» тақырыбында шығармашылық аппликация жұмысы ұйымдастырылды. Балалар түрлі түсті қағаздан саңырауқұлақтар, жапырақтар мен күзгі жемістерді қиып, өз қолдарымен әсем композиция жасады.
Шығармашылық жұмыс барысында балалар кірпіге инелерін әсемдеп, қысқа азық жинауға көмектесіп, күзгі орманның сыйларын жинақтады.
Балалар өз қиялдарын дамытып, ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа және табиғатқа қамқорлықпен қарауға үйренді. Табиғаттың әрбір сыйы — кішкентай жүректерге қуаныш сыйлайтын ғажайып әлем!
Просмотров: 164