«Жұлдыз» ортаңғы тобында «Қызыл, піскен алма» тақырыбында сурет салу сабағы өткізілді.
07.10.2026
Сабақтың мақсаты: балалардың бейнелеу іс-әрекетіне қызығушылығын қалыптастыру және піскен алманың бейнесін суретте бере білу дағдыларын дамыту.
Сабақтың басында тәрбиеші балалармен алма туралы шағын әңгіме жүргізді: алманың қандай түстері мен пішіндері болатыны, дәмі қандай екені және қайда өсетіні туралы сұрақтар қойды. Балалардың эмоционалдық көңіл күйін қалыптастыру мақсатында оларға бақта піскен әдемі алманы елестету ұсынылды.
Практикалық бөлім барысында тәрбиеші суретті орындау ретін көрсетті. Балалар өз беттерінше қызыл, піскен алманың суретін салды.
Жұмыс барысында тәрбиеші балаларға жеке көмек көрсетіп, қылқаламды дұрыс пайдалануына, ұқыптылыққа және бояуды біркелкі жағуына назар аударды.
Сабақ соңында балалардың жұмыстарынан көрме ұйымдастырылды. Балалар бір-бірінің суреттерін қызығушылықпен тамашалап, өздері салған алмалары туралы қуана әңгімеледі.