АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ТҮСІНДІРУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

05.10.2026

2026 жылғы 5 қазанда «Алтын бесік» бөбекжайында мемлекеттік қызметтерді көрсету және балалардың қауіпсіз болуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша ата-аналар жиналысы өтті.

Бөбекжай меңгерушісі Толғамбаева Ж.Е. қауіпсіздік мәселелерін түсіндіріп, балаларға алтын әшекейлер тағуға жол берілмейтінін, тәрбиешілермен өзара қарым-қатынас ережелерін, ата-аналар чатындағы қарым-қатынас мәдениетін, сондай-ақ тамақтану ақысына қатысты мәселелерді атап өтті.

Әдіскер Сахнова Н.А. мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен қажетті талаптарды түсіндірді.

Медбике Коба О.Н. балаларға медициналық қызмет көрсету, балаларды қабылдау кезінде медициналық анықтамаларды ұсыну және профилактикалық екпелер мәселелері бойынша ата-аналарға ақпарат берді.

«Алтын бесік» бөбекжайының әкімшілігі ата-аналарға белсенді қатысқандары, түсіністік танытып, ынтымақтастық жасағандары үшін алғыс білдіреді!

 

 

 

Просмотров: 98


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст