МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТІ ҰСЫНУ ТӘРТІБІН ТҮСІНДІРУ
05.10.2026
2026 жылғы 5 қазанда «Алтын бесік» бөбекжайында «Мектепке дейінгі ұйымдарда тамақтануға жұмсалған шығындардың өтемақысы» мемлекеттік көрсетілетін қызметін ұсыну тәртібін түсіндіруге арналған ата-аналар жиналысы өтті.
Кездесу барысында ата-аналарға өтемақы алу тәртібі, қызметті алушылардың санаттары, қажетті құжаттар, өтінішті қарау мерзімдері, сондай-ақ өтемақыны есептеу және төлеу тәртібі туралы толық ақпарат берілді.
Құжаттарды рәсімдеу және мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу кезінде белгіленген тәртіпті сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
«Алтын бесік» бөбекжайының әкімшілігі ата-аналарға белсенді қатысқандары және тәрбиеленушілерді сапалы әрі қолжетімді тамақтандыруды ұйымдастыру мәселелеріне қызығушылық танытқандары үшін алғыс білдіреді.