Құрметті әріптестер! «Алтын бесік» бөбекжай-бақшасының ардақты педагогтері мен қызметкерлері!
02.10.2026
Сіздерді шын жүректен Ұстаздар күнімен құттықтаймыз!
Сіздердің еңбектеріңіз – жай ғана мамандық емес, үлкен жүректі, зор жауапкершілікті қажет ететін қасиетті қызмет. Сіздер әр күн сайын бүлдіршіндерге мейірім мен қамқорлық сыйлап, білім нәрімен сусындатып, әлемді танып-білуге, алғашқы қадамдарын сенімді басуға бағыт-бағдар беріп келесіздер.
Еңбектеріңіз әрдайым қуаныш пен қанағат сыйласын! Әр күндеріңіз балалардың шат күлкісіне, жылы лебіздерге және толағай жетістіктерге толы болсын!
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен береке, мол күш-қуат, шығармашылық шабыт және еңбектеріңізге деген құрмет тілейміз. Жасаған әрбір игі істеріңіз өздеріңізге жылулық пен алғыс болып қайтсын!
Мерекелеріңіз құтты болсын, аяулы әріптестер!
Жүректеріңізден балаға деген сүйіспеншілік, мейірім, сабырлылық пен ізгілік ешқашан кетпесін!
Ізгі ниетпен,
«Алтын бесік» бөбекжай-бақшасының ұжымы!