Текст
Мектепалды «Қарлығаш» тобында балалармен «Күзгі ағаш» тақырыбында шығармашылық жұмыс ұйымдастырылды.
02.10.2026
Балаларға ағаш бұтақтары бейнеленген суреттер ұсынылып, мақта таяқшаларының көмегімен күзгі жапырақтарды бояды.
Шығармашылық жұмыс барысында балалар түстерді ажыратып, ұсақ қол моторикасын дамытып, қиялын және эстетикалық талғамын жетілдірді. Сонымен қатар, күз мезгілінің әсемдігін сезініп, табиғатқа деген қызығушылықтарын арттырды.
Балалардың әрбір жұмысы — олардың қиялы мен шығармашылығының көрінісі!
Просмотров: 127