Кейбір адамдар өз жұмысын жай ғана атқарады. Ал кейбір жандар өз ісіне жан жылуын, жүрегін және сүйіспеншілігін арнайды. Осындай жанның бірі – Нина Анатольевна.
02.10.2026
Ол – педагогикалық ұжымды біріктіріп, әр маманға өз бағытын табуға көмектесетін, қолдау көрсетіп, шабыттандыратын және әрдайым көмекке дайын тұратын жан. Оның кәсібилігі, ұйымдастырушылық қабілеті мен талапшылдығының артында ең бастысы – әр педагогке өз мүмкіндігін ашуға және кәсіби тұрғыдан дамуына шын ниетімен көмектесу мақсаты жатыр.
Нина Анатольевна еңбек жолын тәрбиеші қызметінен бастады. Балаларға және өз маман дығына деген сүйіспеншілігі оны үнемі жаңа идеялар, заманауи жұмыс түрлері мен қызықты шешімдер іздеуге жетеледі. Ол балабақшадағы әр күннің мазмұнды, шығармашылыққа және қуанышқа толы болуына ерекше мән береді.
Оның кәсіби еңбегі мен үнемі ізденіске ұмтылысы жоғары марапатпен бағаланды. 2019 жылы Нина Анатольевна «Үздік педагог» атағының иегері атанды.
«Алтын бесік» бөбекжайында төртінші жыл әдіскер қызметін атқарып келеді. Осы уақыт ішінде ол педагогтер үшін жай ғана жұмысты ұйымдастырушы емес, сенімді көмекші, дана кеңесші және әрдайым қолдау сұрап жүгінуге болатын жанға айналды.
Нина Анатольевна тыңдай біледі, түсінеді, қажетті сөзді тауып, адамға ерекше қолдау қажет болған сәтте демеу көрсете алады. Ол ұжымның әр мүшесіне құрметпен қарап, педагогтердің еңбегін бағалап, олардың жетістіктеріне шын жүректен қуанады.
Оның ерекше бағалы қасиеті – шабыттандыра білуі. Ол сөзбен ғана емес, іске деген көзқарасымен, өз энергиясымен, үлгісімен және адамдарға деген сенімімен шабыттандырады. Осындай қолдаудың арқасында ұжымда жаңа идеялар туып, бастамалар қолдау тауып, шығармашылықпен айналысуға, дамуға және алға ұмтылуға деген ынта арта түседі.
Құрметті Нина Анатольевна!
Сізді шын жүректен Ұстаздар күнімен құттықтаймыз!
Еңбегіңіз, сабырыңыз, даналығыңыз және жүрегіңіздің жылуы үшін алғысымызды білдіреміз. Әр педагогтің бойындағы жақсы қасиеттерді көріп, жылы сөзіңізбен қолдап, өз күшіне сенуіне көмектесетініңіз үшін рақмет!
Адамдарға жасаған барлық жақсылығыңыз өзіңізге еселеп қайтсын. Жаныңызда әрдайым Сізді бағалайтын, түсінетін және шын жүректен алғыс білдіретін адамдар көп болсын.
Сізге зор денсаулық, жан жылуын, отбасылық бақыт, шығармашылық шабыт және әрбір атқан күннен қуаныш тілейміз. Педагогтердің кәсіби жетістіктері, олардың алғысы мен ұжымның толағай табыстары Сіз үшін ең қымбат марапат болсын.
Жақсылыққа сенуден ешқашан шаршамайтын жүрегіңіз әрдайым жылулыққа толы болсын. Әрбір жаңа күн Сізге қуанып, мақтануға себеп болатын сәт.