Атбасар қаласындағы №2 жалпы білім беретін мектеп базасында «Функционалдық сауаттылық пен сыни ойлауды дамыту арқылы мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығын қамтамасыз ету» тақырыбында аудандық семинар өтті.

30.09.2026


Семинар жұмысына «Алтын бесік» бөбекжайының тәрбиешісі Рахимжанова Б.А. қатысты.
Іс-шара барысында мектепке дейінгі және бастауыш білім беру арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету, балалардың функционалдық сауаттылығын, сыни ойлау қабілетін, танымдық белсенділігі мен дербестігін дамытуға қатысты өзекті мәселелер қарастырылды.
Педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісіп, балалардың мектепте табысты білім алуына қажетті дағдыларды қалыптастыруға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдермен таныстырды. Семинар педагогикалық тәжірибе алмасуға, кәсіби қарым-қатынас орнатуға және білім беру үдерісін ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін іздестіруге жақсы мүмкіндік болды.

Просмотров: 62


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст