«Ақ бұлақ» ортаңғы тобында балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, көркемдік-эстетикалық талғамын қалыптастыруға бағытталған жапсыру бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет өткізілді.

30.09.2026

Іс-әрекет барысында балалар түрлі түсті қағаз бөлшектерін дұрыс орналастырып, ұқыптылықпен жапсыруды үйренді. Сонымен қатар ұсақ қол моторикасын, зейінін, ойлау қабілетін және кеңістікті бағдарлау дағдыларын жетілдірді.
Балалар тапсырманы қызығушылықпен орындап, өз жұмыстарына шығармашылықпен қарауға, бастаған ісін соңына дейін жеткізуге дағдыланды.
Мақсаты: балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, жапсыру дағдыларын жетілдіру, ұқыптылыққа, дербестікке және еңбекке баулу.

Просмотров: 58


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст