Мектепалды даярлық топтарында мазмұнды әрі танымдық ата-аналар жиналысы өтті.

24.09.2026

Жиналыс әр баланың өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі — мектепке дайындыққа арналды.

Кездесу ата-аналарға арналған жылы бейнеқұттықтаудан және «Алтын бесік» бөбекжайының меңгерушісі Толғамбаева Ж.Е.-нің кіріспе сөзінен басталды.

Балаларды дамыту мен оқытудың заманауи тәсілдеріне ерекше назар аударылды. Педагогтер өздерінің практикалық тәжірибелерімен бөлісіп, өзекті тақырыптарды ұсынды:

Сазанова Б.С. — «Тілге бойлау бағдарламасын практикалық тұрғыда қолдану»;

 Кеслер О.Л. — «Мектепке дейін-ақ оқуға үйренеміз»;

Боровикова М.С. — «Ойыннан өнертабысқа: балаларды техника әлемімен таныстыру».

Ал кейін ата-аналарды сөзден іске көшуге шақырдық! 

Жиналысқа қатысушылар «Болашақ» және «Інжу» мектепалды даярлық топтары тәрбиеленушілерінің ұйымдастырылған іс-әрекетінен бейнеүзінділер тамашалады. Балалар өздерінің білімдерін, дағдыларын, дербестігі мен белсенділіктерін көрсетті.

Қимыл-қозғалыссыз да болмады! «Менің артымнан қайтала» атты көңілді сергіту сәті ата-аналарға өздерін білім беру үдерісінің нағыз қатысушылары ретінде сезінуге мүмкіндік берді.

Жиынның маңызды бөлігінің бірі — «Інжу» мектепалды даярлық тобының тәрбиешілері Откульбаева С.М. және Шквира А.В.-ның

«Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес балаңыз нені білуі керек?» тақырыбындағы баяндамасы болды.

Жиын соңында ұйымдастыру мәселелері талқыланып, ата-аналардың сұрақтарына жауап берілді.

Осындай кездесулер педагогтер мен ата-аналардың бір-бірін жақсырақ түсінуіне, балалардың жетістіктерін бірге көруге және олардың жан-жақты дамуы мен мектепке сәтті дайындалуына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Өйткені мектепке дайындық — бұл тек білім мен дағдыларды меңгеру ғана емес.

Бұл — ойлау, қарым-қатынас жасау, зерттеу, байқап көру, қателесу және қайтадан алға ұмтылу қабілеті. 

Просмотров: 4


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст