Бүгін мектепалды «Қарлығаш» және «Тәй-тәй» топтарында 2026–2027 оқу жылына арналған ата-аналар жиналысы өткізілді.
24.09.2026
Жиналыс барысында ата-аналар оқу жылына арналған оқу-тәрбие жұмысының бағдарламасымен және негізгі бағыттарымен таныстырылды. Өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында интерактивті ойындар ұйымдастырылып, ата-аналар комитетінің құрамы сайланды.
Сонымен қатар, дене тәрбиесі нұсқаушысы мен музыка жетекшісі өздерінің жұмыс бағыттары, балалардың дене және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған жұмыстар туралы ақпарат берді.
Жиын соңында ата-аналарға ерекше «Жедел жәрдем» сыйлығы табысталып, көңілді тренд-бимен қорытындыланды.
Ата-аналармен тығыз байланыс орнату – баланың үйлесімді дамуы мен мектепке сапалы дайындығының маңызды негізі.
Бала тәрбиесі – ортақ жауапкерші
лік!