Кіші топтарда ата-аналар жиналысы өтті!

24.09.2026

Жиналыс барысында балалардың жас ерекшеліктеріне қатысты маңызды мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, 2 жастағы бала нені білуі және істей алуы керек, балабақшаға бейімделу үдерісі және күнделікті даму ерекшеліктері туралы сөз қозғалды.

Ата-аналармен бірге топтың күнделікті өмірінде кездесетін бірнеше педагогикалық жағдайлар қарастырылып, оларды шешу жолдары талқыланды.

🎵 Музыка жетекшісі бүлдіршіндермен жүргізілетін жұмысты іс жүзінде көрсетіп, ата-аналарды да музыкалық ойынға қатыстырды. Бұл ата-аналарға балалардың сабақ барысында қалай әрекет ететінін өз көздерімен көруге мүмкіндік берді.

Жиналыс соңында балабақша меңгерушісі мектепке дейінгі ұйымның жұмысы туралы маңызды ақпаратпен бөлісіп, ата-аналарға жылы лебізін білдірді.

🤍 Бала тәрбиесі — балабақша мен ата-ананың бірлескен еңбегі. Бірлесе жұмыс жасай отырып, балаларымыздың жан-жақты дамуына жағдай жасайық!

Просмотров: 4


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст