Ортаңғы топ «Ақ бұлақ» тәрбиеленушілерінің ата-аналарымен «Баланың дербестігін қалыптастыру: «Бөбекжай мен отбасының бірлескен іс-әрекеті» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
24.09.2026
Жиналыс барысында ата-аналармен түрлі тренингтер мен интерактивті ойындар ұйымдастырылып, бала тәрбиесіндегі отбасы мен бөбекжайдың бірлескен жұмысының маңыздылығы талқыланды.
Сонымен қатар, типтік оқу бағдарламасына сәйкес 3 жастағы баланың білуі және меңгеруі тиіс дағдылары туралы ақпарат беріліп, баланың жас ерекшелігіне сай дамуы мен дербестігін қалыптастыру жолдары қарастырылды.
Жиналыс барысында ата-аналар комитетінің құрамы сайланып, ата-аналарды толғандырған түрлі сұрақтар қарастырылып, өзара пікір алмасу жүргізілді.
Жиын соңында ата-аналарға бала тәрбиесінде бірізділік пен өзара ынтымақтастықты сақтау, баланың жеке мүмкіндіктерін қолдау және дербестігін дамыту бойынша ұсыныстар берілді.
Бала тәрбиесі – отбасы мен бөбекжайдың ортақ жауапкершілігі. Бірлесе әрекет еткенде ғана баланың жан-жақты дамуына қолайлы орта қалыптасады.