«Бала­ның тұлғалық дамуы: отбасы мен бөбекжайдың бірлескен тәрбиесі» тақырыбында «Ақ бота» ересек тобының ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.

24.09.2026

Жиналыстың негізгі мақсаты – ата-ана мен педагог арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтып, 4 жастағы баланың жас ерекшеліктерін түсінуге және бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталды.
Кездесу барысында ата-аналарға 4 жастағы баланың Типтік бағдарламаға сәйкес меңгеруі тиіс негізгі дағдылары туралы ақпарат берілді. Баланың танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік және өзіне-өзі қызмет көрсету дағдылары талқыланды.
Сонымен қатар психолог маман «4 жастағы баланың мінез-құлқы мен сөйлеу ерекшеліктері: ата-ана нені білуі керек?» тақырыбында құнды кеңестерімен бөлісті. Ата-аналарға баланың мінез-құлқындағы өзгерістерді дұрыс түсіну, қарым-қатынас жасау және сөйлеу белсенділігін қолдау жолдары ұсынылды.
Жиналыс барысында ситуациялық жағдайлар қарастырылып, ата-аналар өздерін тәрбиешінің орнына қоя отырып өз ойларын ортаға салды және түрлі жағдаяттарға шешім іздеді.
Сондай-ақ балалар жыл бойы айналысқан «Жасыл бақ» ұзақ мерзімді жобасы бойынша атқарылған жұмыстар таныстырылып, балалардың еңбекке, табиғатты аялауға және қарапайым кәсіптік дағдыларға қызығушылығын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар туралы бейнеролик көрсетілді.
Жиналыс тек ақпарат берумен шектелмей, онлайн интерактивті ойындар мен қызықты тапсырмалар арқылы жалғасты. Ата-аналар белсенді қатысып, баланың көзімен қарауға мүмкіндік алды.
Кездесудің ерекше бөлімі – «Апайға хат» анонимді кері байланыс алаңы болды. Ата-аналар өз ұсыныстарын, пікірлерін және көпшілік алдында айта бермейтін ойларын жасырын түрде жазып, арнайы жәшікке қалдырды.
Бұл хаттар – педагог үшін ата-ананың үнін естуге, ұсыныстарын ескеруге және алдағы жұмысты жетілдіруге бағыт беретін маңызды кері байланыс.
Бала тәрбиесі – отбасы мен бөбекжайдың ортақ еңбегі.
Бірлескен әрекетіміз – баланың бақытты балалық шағы мен жан-жақты дамуына негіз болады.

Просмотров: 4


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст