«Жұлдыз» ортаңғы тобында «Саңырауқұлақ» тақырыбында пластилинография техникасында шығармашылық жұмыс жүргізілді.
23.09.2026
Жұмыстың мақсаты – балаларды пластилинмен жұмыс жасаудың дәстүрден тыс техникасымен таныстыру және қарапайым саңырауқұлақ бейнесін жасауға үйрету.
Сабақ барысында саңырауқұлақтар туралы шағын әңгіме жүргізіліп, олардың сыртқы көрінісі мен өсетін жерлері туралы түсінік берілді. Балаларға жұмысты орындау тәсілі көрсетілді: пластилиннен ұсақ бөліктерді үзіп алып, картон бетіне орналастыру және саусақпен басып жапсыру.
Балалар түрлі түсті пластилиндерді пайдалана отырып, саңырауқұлақ бейнесін өз қалауларынша безендірді. Пластилинмен жұмыс жасау балалардың ұсақ қол моторикасын, қимыл үйлесімділігін, зейінін және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етті.
Іс-әрекет барысында балалар қызығушылық танытып, жұмысты ұқыпты орындауға тырысты және дайын жұмыстарын қуана көрсетті.