«БІЗ — ТАТУ БАЛАЛАРМЫЗ!»
21.09.2026
Таза ауада, спорт алаңымызда көңілді де қызықты жарыстар өтті!
Балалар үлкен қызығушылықпен көңілді эстафеталарға қатысты:
«Ең жылдам» — жылдамдықтарын сынады;
«Сыңғырлаған доп» — ептілік пен шапшаңдықтарын көрсетті;
«Эстафеталық таяқшаны бер» — ұйымшылдық пен бірлікті көрсетті;
«Жыланша жүгір» — ептілік пен қимыл үйлесімділігін дамытты;
«Кім жылдам?» — жылдамдық пен төзімділіктерін байқатты.
Әрбір қатысушы бар күшін салып, достарына қолдау көрсетіп, ортақ жеңістерге бірге қуанды.
Спорттық жарыс барысында балалар достыққа, ұйымшылдыққа, бір-біріне қолдау көрсетуге үйреніп, көтеріңкі көңіл-күймен белсенді қимыл-қозғалыс жасады!