«Түстер әлемі»

18.09.2026

Мектепалды «Қарлығаш» тобында балалардың қоршаған ортаны танып-білуіне, түстерді дұрыс ажыратып, есте сақтауына ықпал ету мақсатында «Түстер әлемі» атты қызықты танымдық ойын ұйымдастырылды. 
Ойын барысында балаларға әртүрлі түсті түстер ұсынылып, тәрбиеші белгілі бір түсті атаған кезде, балалар сол түсті тауып, қолындағы карточка арқылы көрсетуге тырысты. Ойын балалардың қызығушылығын арттырып, белсенді қатысуына мүмкіндік берді.
Бұл ойын арқылы балалардың түстерді ажырату, есте сақтау, зейін қою, тыңдау және жылдам жауап беру қабілеттері дамыды. Сонымен қатар балалар тапсырманы мұқият тыңдап, өз әрекетін дұрыс орындауға, шапшаңдыққа және белсенділікке үйренді.

Просмотров: 120


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст