Текст
«Бақытты отбасы – бақытты бала»
11.09.2026
«Інжу» мектепалды даярлық тобында «Бақытты отбасы – бақытты бала» тақырыбында танымдық әрі жылы іс-шара өтті.Балалармен бірге ең қымбат әрі маңызды құндылықтар — отбасы, сүйіспеншілік, қамқорлық, құрмет және өзара көмек туралы әңгімелестік. Балалар өздерінің жақындары туралы қуана айтып, отбасылық дәстүрлерімен бөлісті және өз отбасын не бақытты ететінін әңгімеледі. Іс-шара балаларға отбасының адам өміріндегі маңызын түсінуге, жақындарын бағалауға және бір-біріне қамқор болуға үйретті.
Просмотров: 112