Ортаңғы «Күн сәулелері» тобында әсем күз мезгіліне арналған «Күзгі орман» атты мерекелік іс-шара өтті.

09.09.2026

 Балалар ғажайып күзгі орманға саяхат жасап, Орман атасына қонаққа барды. Орман ішінде балалар көңілді тиінмен және сүйкімді кірпімен танысып, олармен қызықты ойындар ойнады. Мереке барысында балалар «Жапырақ жинау», «Күн мен жаңбыр» атты көңілді ойындарға белсене қатысып, өздерінің шапшаңдықтары мен ептіліктерін көрсетті. Балалар Орман атасымен бірге көңілді би билеп, ән айтып, мерекелік көңіл-күйді одан әрі көтерді. Балаларға күзгі мереке ерекше ұнап, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты

Просмотров: 81


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст