Бүгін мектепалды «Болашақ» тобында «Күзгі қызықтар» — «Осенний переполох» атты жарқын күзгі мерекелік шара өтті.

09.09.2026

Балалар күздің белгілерін еске түсіріп, көңілді ойындар ойнады, күзгі жапырақтарға айналып, өнім жинап, жаңбырдан тығылды.

Содан кейін Алтын Күз балаларды спорт алаңына шақырып, басқа топтардың тәрбиеленушілерімен бірге көңілді эстафеталарға қатысты. Балалар өздерінің ептілігін, шапшаңдығын және топпен жұмыс жасау қабілеттерін көрсетті.

Ал ең қызықты сәт — Алтын Күз қалдырған белгілер арқылы тосынсыйды іздеу болды!

Мерекенің соңында ата-аналармен бірлесіп дайындалған шығармашылық жұмыстар көрмесі ұйымдастырылды. Ата-аналарымызға белсенді қатысқандары, шығармашылықтары мен қолдаулары үшін алғысымызды білдіреміз!

Осы күз балаларымызға әлі де көптеген жарқын әсер, қуаныш пен жылы естеліктер сыйласын.

Просмотров: 41


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст