Дәмді, пайдалы әрі танымды!

04.09.2026

Мектепалды «Інжу» тобында балалардың дұрыс тамақтану және жемістердің пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыруға бағытталған қызықты практикалық іс-шара өтті.

Балалар дәмді, түрлі-түсті әрі пайдалы жеміс салатын дайындауға үлкен қызығушылықпен қатысты. Олар жемістердің түрлерімен танысып, олардың адам ағзасына пайдасы туралы білді және салатты дайындау үдерісіне белсенді қатысты.

Практикалық жұмыс балаларға жаңа білім беріп қана қоймай, көтеріңкі көңіл күй мен жағымды эмоциялар сыйлады! 

Денсаулықты сақтауды қуанышпен үйренеміз! 

Просмотров: 68


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст