«Жармадан жануарларды тап» сенсорлық ойыны

01.09.2026

Бүгін «Айналайын» кіші тобының тәрбиеленушілері қызықты сенсорлық ойынға қатысты. 

Жарманың ішіне кішкентай жануарлардың мүсіншелері жасырылды. Балалар саусақтарымен жарманы қызығушылықпен сипап, жасырылған жануарларды тауып, олардың атауларын атады. 

Ойын барысында балалардың ұсақ қол моторикасы, тактильді қабылдауы, зейіні және танымдық қызығушылығы дамыды.

Балалар көптеген жағымды эмоцияға бөленіп, жарманың ішіндегі кішкентай «құпияларды» үлкен қызығушылықпен ашты! 

Кішкентай қадам — үлкен жаңалық!

Просмотров: 56


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст